Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қосылымдарды қосу

Барлығын жаю | Барлығын жию

Бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу үшін қосылымды қолжетімділер тізіміне қосу үшін:

  1. Бағдарламаның негізгі терезесінде Табу және орналастыруТабуБұлт бөліміне өтіңіз.
  2. Пайда болған терезеде Сипаттар түймесін басыңыз.
  3. Пайда болған Параметрлер терезесінде Қосу түймесін басыңыз.

    Бұлттық сегмент параметрлері терезесі ашылады.

  4. Алдағыда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу мақсатымен қолданылатын қосылым үшін бұлтты орта атауын көрсетіңіз:
    • Бұлтты орта
    • Қосылым атауы
  5. Сіз көрсеткен бұлтты ортада түпнұсқалық растама алу үшін есептік деректеріңізді енгізіңіз.

    Егер сіз Google Cloud таңдаған болсаңыз, келесі параметрлерді көрсетіңіз:

    • Клиенттің электрондық пошта мекенжайы
    • Жоба идентификаторы
    • Жеке кілт

      Енгізген құпиясөзді қарау үшін Көрсету түймесін басып тұрыңыз.

  6. Әдепкі бойынша параметрлерді өзгерту үшін Сауалнама кестесін орнату түймесін басыңыз.

Қосылым бағдарлама параметрлерінде сақталады.

Жаңа бұлттық сегментте бірінші сауалнама өткізгеннен кейін, Басқарылатын құрылғылар\Cloud басқару тобында осы сегментке сай келетін ішкі топ пайда болады.

Дұрыс емес есептік деректерді көрсеткен болсаңыз, онда бұлттық сегменттерде сауалнама өткізу кезінде даналар табылмайды, ал жаңа ішкі топ басқару Басқарылатын құрылғылар\Cloud тобында көрсетілмейді.

Басына оралу